ПОСТ-РЕЛИЗ
2019 ж. 4-5 сәуірінде Алматы қаласында «Қазақстанның экспортқа бағдарланған индустрияландырудың негізі ретінде жаратылыстану ғылымдары саласындағы инновациялар» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияны ұйымдастырушылар - Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясы, «Қазақстан Республикасының минералды шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі ұлттық орталығы» РМК-ы.
Конференцияға Қазақстаннан, Ресейден, Қытайдан, Ираннан, Швейцариядан, Германиядан және БАЭ-нан 200-ге жуық адам қатысты.
Конференцияны ұйымдастыру комитетінің тең төрағасы, Қазақстан Республикасының минералды шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі ұлттық орталығының бас директоры, академик Ә.А. Жәрменов аша отырып:
«Біз бүгін екі жақты мерейтойды атап өтіп отырмыз: Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының құрылғанынына 10 жыл және Қазақстан Республикасының минералды шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі ұлттық орталығының құрылғанынына 25 жыл», - деп айтты.
Өткізіліп отырған конференцияны есеп беру конференциясы деп айтуға болады, өйткені ол жаратылыстану ғылымдары, минералды шикізатты кешенді өңдеу саласындағы заманауи ғылыми жетістіктер мен өңдеуші сектордағы инновациялық жасалынымдарды, оның ішінде Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру мақсатындағы Елбасының Жолдауы мен ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындауға бағытталған ҚазҰЖҒА мен «ҚР МШКҰ ҰО» РМК-ң жетістіктерін талқылауға арналған.
Мерейтойдың әрбір иегерінің есебінде ғылым және өндірісші қоғамының құрметі мен назарына лайықты жетістіктер аз емес. Бұл Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы ұсынған және мемлекеттік деңгейде жүзеге асыруға қабылданған «2050 жылға дейін Қазақстанның болашақ тұрақты энергетикалық стратегиясы» концепциясы; «Жібек жолы «Евразия» каналы арқылы» жобасын іске асыруға арналған 2050 жылы жылына 120 млн. т жүк тасуға болжамданған Каспий мен Қара теңіздің арасын қосатын «Евразия» каналының негіздемесі; ҚР-ның қабылданған «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру» заңы; Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық дамуын ғылыми қамтамасыз ету бойынша ұсыныстары.
Екі ұйымның синергизмі ғылым мен бизнестің интеграциялану үрдістерін дамытып, елімізде және халықаралық аренада инновациялық технологиялардың өндіріске енгізу нәтижесін арттырып жұмыс атқаруы ғылыми тандемнің жақсы үлгісі болып табылады.
Мұның дәлелі ретінде Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы сәтті бастамалық еткен ҚР ғылым мен техника саласындағы 2017 жылғы Мемлекеттік сыйлығын алуға бірлестікте ұсынылған «Болат өндірісінің бәсеке қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз ететін, төмен сапалы (фосфоры жоғары қоңыртемірлі) және техногенді шикізаттарды өңдеуге тарту бойынша әлемдік деңгейдегі технологияларды жасау және оларды коммерцияландыру» атты жұмысы бойынша ҚазҰЖҒА академиктері мен ҚР МШКҰ ҰО ғалымдары және өндірістік сектор мамандары бірлесіп алған ең жоғары ғылыми награданы айтуға болады.
Ә.А. Жәрменов кәсіпорынның осы жылдар ішінде жұмыс істеуіне қолдау көрсеткен және технологияларды өндіріске енгізу мақсатында ғылыми нәтижелерді өндірістік масштабта сынақтан өткізуге көмектескен серіктестері мен әріптестеріне алғысын айтты.
Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Склярдың атынан Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Баитов Қанат сөз сөйледі.
Салтанатты отырыс ҚазҰЖҒА мен «ҚР МШКҰ ҰО» РМК-ң көрнекті ғалымдары мен мамандарын Қазақстан Республикасы Индустрия және Инфрақұрылымдық даму Министрлігінің, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым Министрлігінiң, Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының марапаттауымен аяқталды.
Пленарлық отырыста төмендегі мәселелер талқыланды:
-
«Ғылым қорының коммерцияландырудығы ғылыми және ғылыми –техникалық нәтижелері» АҚ қызметі.
Баяндамашы - Султанғазин Ануарбек Жалелұлы, «Ғылым қоры» АҚ Басқарма төрағасы, академик, э.ғ.д. (Қазақстан) (Казахстан) -
Индустрия 4.0. технологиялары. Ресейдің бірінші президенті Б.Н. Ельцин атындағы Орал федеральді университетінің тәжірибесі және құзыреттілігі.
Авторлық ұжым: Кортов С.В., Сапогов М.В. (Ресей)
Баяндамашы: Кортов Сергей Всеволодович, Ресейдің бірінші президенті Б.Н. Ельцин атындағы Орал федеральді университетінің бірінші проректоры, э.ғ.д, ф.-м.ғ.к, профессор (Ресей) -
Блокчейн технологиясын пайдалану және блокчейнді сауатты түрде импорт пен экспорт үрдісінде жетілдіру.
Баяндамашы: Тунжай Севиндик, Виссен университетінің ректоры (Швейцария), доктор философии PhD -
Темір және ферроқорытпа өндірісіндегі қалпына келтіру процестерінің электрондық механизмі.
Авторлық ұжым: Рощин В.Е., Гамов П.А., Рощин А.В., Салихов С.П. (Ресей)
Баяндамашы: Рощин Василий Ефимович, Бас ғылыми қызметкер, Оңтүстік - Орал мемлекеттік университетінің пирометаллургиялық процессі кафедасының профессоры -
Импульстік әсер технологиясы – қалдықтарды өңдеудегі жаңа сөз.
(Швейцария) ұжымның авторы: Christoph Muther, Igor Patrushev
Ұсынушы: Игорь Патрушев, ТМД- дағы Plane Solutions SA директоры
Панелдік сессия барысында келесі бағыттар талқыланды:
- Тау-кен саласындағы және байытудағы заманауи технологиялар
- Қара металдар мен ферроқорытпалардың металлургиясы: теориядан коммерциализацияға
- Түсті, асыл және сирек металдар металлургиясы: Отандық және халықаралық тәжірибе
- Табиғи ғылымдар бағдарламасы «Индустрия 4.0»