ИРН AP23485697 «Инженерлік геофизикалық әдістер арқылы опырылғыш массивтердің тұрақтылығын бағалау әдістемесін әзірлеу». Жоба жетекшісі: т.ғ.к., Ахметов Е.М.
2025 жылғы кезең үшін алынған нәтижелер:
Таңдалған көшкін қаупі бар учаскеде геофизикалық әдістерді қолдануды тексеру мақсатында далалық тәжірибелік геофизикалық жұмыстар жүргізілді.
Зерттеу жұмыстарын орындау үшін Алматы облысы Қарасай ауданы «Долан» саяжай кенті маңында орналасқан көшкін қаупі бар учаске таңдалды. Су өткізбейтін саздардың үстінде жатқан өткізгіш құмды-сазды топырақтарда артық ылғалданған пластикалық қабаттардан тұратын қиманың аралықтарын анықтау және картаға түсіру мақсатында қоздырылған поляризация модификациясындағы дипольдік электрлік зондтау әдісі қолданылды. Көшкін массасының қимасының электрлік сипаттамаларын, соның ішінде ылғалдылыққа байланысты ерекшеліктерін нақтылау үшін тік электрлік зондтау әдісімен өлшеулер жүргізілді.
Сынған толқындардың корреляциялық әдісіне (рефрагирленген толқындар әдісі) негізделген сейсмобарлау жұмыстары орындалды. Таңдалған көшкін қаупі бар учаскеде инженерлік геофизиканың қолданылған әдістері бойынша алынған далалық тәжірибелік-әдістемелік жұмыстардың нәтижелері мамандандырылған бағдарламалық кешендер көмегімен өңделуде.
Сейсмобарлау әдістері тау жыныстары қабаттарының құрылымы мен қасиеттерін анықтап, көшкіннің себептері мен механизмдерін түсінуге мүмкіндік береді.
2 мақала жарияланды:
- Issakhov, A., Abylkassymova, A. Evaluation of the influence of various forms of earth dam on the values of shock pressure during a dam break: a numerical study. Modeling Earth Systems and Environment. 12, 78 (2026). https://doi.org/10.1007/s40808-025-02654-y (Scopus процентиль = 90)
- Issakhov, A., Abylkassymova, A. 3-D RANS-VOF modelling of dam-breach hydraulics over an erodible sediment bed. Modeling Earth Systems and Environment, 12, 98 (2026). https://doi.org/10.1007/s40808-025-02682-8 (Scopus процентиль = 90)
Қазіргі уақытта көшкін қаупі бар учаскеде жүргізілген далалық зерттеулер нәтижелері бойынша мақалаларды жариялауға дайындау жұмыстары жалғасуда.