ИРН AP23489340 «Қаратау ванадийлі кварциттерін кешенді өңдеудің ферросплав алу технологиясын әзірлеу». Жоба жетекшісі: т.ғ.д., Айтқұлов Д.Қ.
2025 жылғы кезең үшін алынған нәтижелер:
Баласаускандық кен орнының ванадийлі кварциттері бойынша физика-химиялық және минералогиялық зерттеулер жүргізіліп, шикізат гидрометаллургиялық өңдеуге дайындалды (ұнтақтау және ұсақтау). Автоклавтық ашу және атмосфералық экстракция заңдылықтары зерттеліп, температуралық-уақыттық параметрлердің, қысымның, экстракция агенттерінің концентрациясының және қатты/сұйық қатынастың ванадийді алу және фильтрация сипаттарына әсері анықталды. Электроплавкада реакция механизмдерінің ықтимал сценарийлері термодинамикалық талдау арқылы анықталды, Fe–Al–Si және Fe–Al–Si–V жүйелеріндегі фазалық диаграммалар салынды. Шламдық қалдықтарды брикеттеу үшін тиімді кептіру және байланыстырғыш шарттары таңдалды; 50% паток қолдану брикеттердің жоғары механикалық беріктігін қамтамасыз етеді. Лабораториялық балқытулар нәтижесінде FeSi45 және FeSi50 маркалы ферросилиций алу үшін оңтайлы параметрлер анықталды.
2 мақала және 2 конференциялық баяндама жарияланды.
- A. Badikova, V.Shevko, D. Aitkulov, B. Lavrov. Thermodynamic Study of Obtaining Ferroalloy from a Mixture of Vanadium Quartzites Leaching Cake and Coal Enrichment Tailings // Trans Indian Inst Met (2025) 78:145. https://doi.org/10.1007/s12666-025-03612-z
- A. Badikova, V.Shevko, D. Aitkulov. Thermodynamic model and electric smelting of a mixture of cake from leaching of vanadium-containing quartzites with coal beneficiation tailings // Metall. Res. Technol. 122, 115 (2025) https://doi.org/10.1051/metal/2024107
- A. Badikova, V.Shevko, D. Aitkulov STRUCTURE OF SILICON CARBIDE AND SILICON DURING THE INTERACTION OF GASEOUS SILICON OXIDES WITH CARBON // Proceeding XII International Conference Industrial Technologies and Engineering ICITE 2025, Volume I. – Р.84-89.
- Бадикова А., Шевко В., Айтқұлов Д. SiO₂, Si, SiC, SiO және CO ескерілген Si–O–C жүйесінің парциалдық қысымдар диаграммасы // «Әуезов оқулары 23» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының еңбектері, Шымкент қ., 2025. – Т. 5. – 60–65 б.