«Қазмеханобр» мемлекеттік өнеркәсіптік экологиясының ғылыми-өндірістік бірлестігі техникалық жоғары оқу орындармен әріптестік аясында өз базасында жас мамандарға толыққанды өндірістік тәжірибеден өтіп, қажетті дағдыларды меңгеруге септігін тигізіп жүр.
Қазір отандық ғылым саласында жас мамандардың тапшылығы байқалып жатқаны жасырын емес. Осы өзекті мәселені шешіп, қажетті дағдыларды меңгерген және бәсекеге қабілетті ғылыми кадрлардың пулын қалыптастыру мақсатында ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің Минералды шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі ұлттық орталығына қарасты «Қазмеханобр» мемлекеттік өнеркәсіптік экологиясының ғылыми-өндірістік бірлестігі еліміздегі жоғары оқу орындарымен бірлесіп, өз базасында жас мамандардың өндірістік тәжірибеден өтуіне барлық жағдайды қарастырған.
Мұнда жас мамандар ғылыми-зерттеу және өндірістік біліктіліктерін арттырып қана қоймай жұмысқа орналасу перспективасына да ие болатынын айта кетейік.
Аталған бірлестіктің аға буын өкілдерінен бөлек осындағы тәжірибелі PhD докторанттар да бар білгенін жас ғалымдарға үйретіп, техникалық білімді шыңдауға қолғабыс етіп келеді. Мәселен, осы ұйымның базасында минералды шикізатты, оның ішінде құрамында алтыны бар және алтын-мысты кендер мен концентраттарды өңдеу, сондай-ақ полиметалл кендерін байытумен қатар сирек және түсті металдарды шаймалау технологияларын әзірлеу саласындағы тиімді тәсілдер мен технологиялар көрсетіледі.
Бұл ретте «Қазмеханобрда» ұзақ жылдан бері қоғамдық бастаманың аясында жасы 35-тен аспайтын жас ғалымдар мен мамандардың кеңесі жұмыс істеп келе жатқанын айта кеткен орынды. Олар халықаралық ғылыми конференциялар мен семинарларға қатысып, сондай-ақ қазіргі жастардың сұранысына сай алуан түрлі іс-шараларды ұйымдастырып, белсенділік танытып келеді.
Источник: gov.kz/memleket/entities/miid
Басқа жаңалықтар
ИРН AP23485523 «Разработка технологии получения сподуменового концентрата и карбоната лития из руд пегматитовых литиевых месторождений»
ИРН AP23485697 «Инженерлік геофизикалық әдістер арқылы опырылғыш массивтердің тұрақтылығын бағалау әдістемесін әзірлеу»
ИРН AP23489340 «Разработка технологии комплексной переработки ванадийсодержащих кварцитов Каратау с получением ферросплавов»
ИРН AP23487029 «Басқарылатын колонна типтес аппараттарда мыс өндірісінің қорытпаларынан рений мен осмийді алу инновациялық технологиясын әзірлеу»
ИРН AP23489513 «Сульфат пен фосфор қоспалары минималды мөлшерде болатын ванадий бесқышқылын алу технологиясын оңтайландыру», 2025