1 800-ден астам индустриялық сертификаттардың иелері Тізілімге автоматты түрде ауыстырылған

24.12.2025

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Қазақстандық тауар өндірушілерінің тізілімі» цифрлық платформасы іске қосылды. Ол e-ondiris.gov.kz сайтындағы барлық пайдаланушыларға қолжетімді және бүгінде барлық бизнес субъектілері тіркеуге өтініш бере алады.

«Тауарлардың шығу тегін растаудың бұрынғы механизмімен салыстырғандағы Тізілімнің басты айырмашылығы – барлық процестердің толық цифрландырылуы. Өтініштерді беру, оларды тексеру және шешім қабылдау толығымен онлайн режимінде жүзеге асырылады, бұл барлық кезеңдерде ашықтық пен бақылауды қамтамасыз етеді»,
— атап өтті ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев.
  • Екіншіден, процесс бюрократиядан арылады. Жүйе мемлекеттік деректер базаларымен интеграцияланып, құжаттар санын қысқартады және бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені төмендетеді.

  • Үшіншіден, бұл қызмет мемлекеттік органдар тарапынан жеке аудиторлар мен сарапшыларды тартпай, тегін көрсетіледі.

Министр жаңа жүйеге кезең-кезеңімен көшу мақсатында бұрын қазақстандық тауар өндіруші мәртебесін растаған 1800-ден астам индустриялық сертификат иелері Тізілімге автоматты түрде ауыстырылғанын атап өтті. Аталған компаниялар бір ай ішінде жүйеде қажетті мәліметтерді толықтырып, өтінімді ЭЦП арқылы растауы тиіс. Қазіргі таңда платформада мыңға жуық компания тіркелген.

Жалпы алғанда, Тізілім мемлекеттік қолдаудың нысаналылығы мен ашықтығын арттыру және оны нақты өндірістік қызметпен айналысатын кәсіпорындарға мақсатты түрде бағыттау үшін құрылды.

Дереккөз: www.gov.kz

Басқа жаңалықтар

Полиметалл кендерін кешенді өңдеу: жоғары сапа, тиімді әдіс

Полиметалл кендерін кешенді өңдеу: жоғары сапа, тиімді әдіс

Казахстанские ученые разработали эффективную технологию извлечения рения из сложных растворов

Казахстанские ученые разработали эффективную технологию извлечения рения из сложных растворов

Ученые Казахстана повысили извлечение рения до 90%

Ученые Казахстана повысили извлечение рения до 90%

Ғылым мен инженерияның тоғысуы: күрделі түйіннің оңтайлы шешімі

Ғылым мен инженерияның тоғысуы: күрделі түйіннің оңтайлы шешімі

Казахстанские ученые разработали новую технологию добычи золота

Казахстанские ученые разработали новую технологию добычи золота

Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз,
көрсетілген нөмірге қоңырау шалыңыз