Қазақстан Павлодарлық Николай Храмов ойлап тапқан, шығынсыз энергия алуға арналған «ғажайып пешті» жоғалтып алуы мүмкін, деп хабарлайды Tengrinews.kz РҒП «Ұлттық минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу орталығы» директоры Абдурасул Жарменовке сілтеме жасап.
Оның енгізілуіне қаражат жеткіліксіз. «Біз Алматыдағы Өнеркәсіп және жаңа технологиялар министрлігінің тәжірибелік алаңында жылу-электр экологиялық тұрғыдан қалдықсыз энергия өндіретін эксперименттік кешен құруды жоспарлаған едік. Жобаға 300 кВт қуатты электростанция орнату кіретін. Осы шағын қондырғыда көп қаражат жұмсамай, Павлодарлық өнертапқыш Николай Храмов әдісі бойынша көмір мен әктасты қабаттап жағу арқылы шығынсыз энергия алу механизмін толықтай сынақтан өткізу керек еді. 2013 жылы құрылысқа қазық қаздық, бірақ қаржының жоқтығына байланысты барлық жұмыстарды тоқтатуға мәжбүр болдық», — дейді Жарменов.
Биыл қаңтарда Николай Храмов өмірден озды. Дегенмен ғалымдар оның идеясын жүзеге асырып, механизмін толықтай дамыта алады деп сендіріп отыр. «Жоба өте перспективалы және біз одан бас тартпаймыз. Ол жұмыс істеген командамен байланыста болып, кешенді орнатуда олардың көмегіне үміттенеміз. Бізге қондырғының жұмыс механизмін тәжірибеде толықтай тексеру қажет. Қандай типтегі көмірді қолданған тиімді екенін анықтау керек. Келер жылы осы жұмыстарды жалғастырғымыз келеді, бірақ бюджеттік қаражатқа аса сенім жоқ», — деп атап өтті Жарменов.
Айта кетейік, Храмовтың «ғажайып пеші» Павлодар облысында бірнеше жылыжай шаруашылықтарын жылытуда сәтті қолданылып келеді.
Павлодарлық Кулибин EXPO-17 көрмесінде өзінің жаңашыл жобаларының қатарында осы пешті таныстыруға дайындалып жатқан. Алайда жағдайға байланысты бұл бірегей өнертабыс көрмеге жетпеуі мүмкін, сонымен қатар қазақстандық ғалымдар оны мүлдем жоғалтып алудан қорқады.
«Интеллектуалды құқықтарымызды жоғалтпау маңызды, әзірлеменің қолымыздан кетпеуін қадағалау керек. EXPO-17-де көрсетілмесе де, мәселе емес. Ең бастысы, біздің ғылымымыз оны сақтап, әлемге адекватты пайда әкелетін түрде жетуі керек. Пешті жасырын түрде қай жерде болса да қолдануы мүмкін деп болжауға болады. Өкінішке қарай, патент авторлық құқықты толық қорғамайды», — деп түсіндірді РҒП директоры.
Бұрын хабарланғандай, 3,5 миллион долларлық эксперименттік кешеннің құрылысы 2014 жылдың соңына дейін аяқталуы жоспарланған еді. Бірінші жылы кешеннің таза табысы бес миллион доллар болады деп күтілген. Әдістің ерекшелігі — түтінсіз жылу энергиясын алу тәсілі, көмір мен әктасты жағу арқылы. Жанатын отын сөндірілген әкке айналады. Павлодарлық қондырғы ТЭЦ-тің қазіргі жүйелеріне балама болып, ірі кәсіпорындар мен моногородтарды жылыта алады.
2013 жылдың қаңтарында Николай Храмов өз әдісін Еуразиялық патент ведомствосында патенттеген. Храмов әдісі бойынша шағын ТЭЦ салуға дайын екенін Өзбекстан мен Қырғызстанның бірнеше кәсіпорны мәлімдеген.
Дереккөз: tengrinews.kz
Басқа жаңалықтар
ИРН AP23485523 «Разработка технологии получения сподуменового концентрата и карбоната лития из руд пегматитовых литиевых месторождений»
ИРН AP23485697 «Инженерлік геофизикалық әдістер арқылы опырылғыш массивтердің тұрақтылығын бағалау әдістемесін әзірлеу»
ИРН AP23489340 «Разработка технологии комплексной переработки ванадийсодержащих кварцитов Каратау с получением ферросплавов»
ИРН AP23487029 «Басқарылатын колонна типтес аппараттарда мыс өндірісінің қорытпаларынан рений мен осмийді алу инновациялық технологиясын әзірлеу»
ИРН AP23489513 «Сульфат пен фосфор қоспалары минималды мөлшерде болатын ванадий бесқышқылын алу технологиясын оңтайландыру», 2025