Өнеркәсіп салаларындағы ғылыми әзірлемелер

18.04.2019

18 сәуірде ҚР МИИР Медиа-орталығында Қазақстанның тау-кен металлургиясы және химиялық салаларын дамытудағы жаңа технологияларға арналған баспасөз конференциясы өтті.

ГМК және химиялық саладағы жүргізіліп жатқан ғылыми әзірлемелер туралы БАҚ өкілдеріне ҚР МИИР Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің м.а. төрағасы Қанат Баитов, РГП «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі Ұлттық орталығы» бас директоры, академик, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығының екі мәрте лауреаты Абдурасул Жарменов және АҚ «Ұлттық қарсыинфекциялық препараттар орталығы» зерттеу базасының басқарушысы Айтуған Сабитов айтып берді.

Қанат Баитовтың айтуынша, тау-кен металлургиясы саласы елдің ұлттық экономикасының елеулі бөлігін құрайды, бұл шикізат базасының болуымен түсіндіріледі. Қазақстандық шикізат күрделі, төмен концентрацияланған және байыту қиын деп сипатталады. Осыған байланысты тау-кен металлургия кәсіпорындары үшін жаңа технологияларды әзірлеу мәселесі өзекті болып отыр.

Минералдық шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі Ұлттық орталық елдің индустриалды-инновациялық дамуының мемлекеттік міндеттерін шешуге белсенді қатысып келеді, оның ішінде минералдық шикізат көздерін сақтау мен кеңейту және оның кешенді қайта өңделуін қамтамасыз ету арқылы қазақстандық өндіріс үшін жаңа өнім алу.

Абдурасул Жарменовтың айтуынша, Қазақстандық алтынның үшінші бөлігі НЦКПМС РК-ның алтын технологиялары бойынша өндіріледі. Ұлттық орталықта минералдық және техногендік шикізаттан ванадий, титан, ниобий, сурьма, рений, осмий-187, молибден, вольфрам сияқты металдарды концентраттар, химиялық қосылыстар және металдар түрінде алу тәжірибесі жинақталған. Өнеркәсіптік масштабта Қаратау кварциттерін қайта өңдеу технологиясы енгізіліп, аммоний метаванадаты алынуда, сондай-ақ Қазақстанды тұрақты изотоп өндіруші жетекші үш елдің қатарына енгізген осмий-187 алу технологиясы бар.

Соңғы жылдары Ұлттық орталық ғалымдары «Ғылым қоры» АҚ эгидосы аясында ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру процесіне белсенді қатысып келеді.

НЦКПМС РК ғылыми-техникалық әзірлемелері негізінде әлемнің әртүрлі нүктелерінде инвестиция көлемі $3,5 млрд-тан асатын ондаған зауыттар мен фабрикалар салынды. Осы кәсіпорындарда тауарлық өнімнің жыл сайынғы шығарылымы қазіргі бағамен $4,0 млрд-тан асады. Қазіргі таңда Қазақстанда және шетелде бірнеше технологияларды коммерцияландыру жүзеге асырылуда, осы технологияларға негізделген жаңа өндірістерге салынатын жалпы инвестиция сомасы келесі екі жылда $2,0 млрд-тан асады.

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті

Басқа жаңалықтар

ИРН AP23485523 «Пегматиттік литий кендерінен сподумен концентратын және литий карбонатын алу технологиясын әзірлеу»

ИРН AP23485523 «Разработка технологии получения сподуменового концентрата и карбоната лития из руд пегматитовых литиевых месторождений»

ИРН AP23485697 «Инженерлік геофизикалық әдістер арқылы опырылғыш массивтердің тұрақтылығын бағалау әдістемесін әзірлеу»

ИРН AP23485697 «Инженерлік геофизикалық әдістер арқылы опырылғыш массивтердің тұрақтылығын бағалау әдістемесін әзірлеу»

ИРН AP23489340 «Қаратау ванадийлі кварциттерін кешенді өңдеудің ферросплав алу технологиясын әзірлеу»

ИРН AP23489340 «Разработка технологии комплексной переработки ванадийсодержащих кварцитов Каратау с получением ферросплавов»

ИРН AP23487029 «Басқарылатын колонна типтес аппараттарда мыс өндірісінің қорытпаларынан рений мен осмийді алу инновациялық технологиясын әзірлеу»

ИРН AP23487029 «Басқарылатын колонна типтес аппараттарда мыс өндірісінің қорытпаларынан рений мен осмийді алу инновациялық технологиясын әзірлеу»

ИРН AP23489513 «Сульфат пен фосфор қоспалары минималды мөлшерде болатын ванадий бесқышқылын алу технологиясын оңтайландыру», 2025

ИРН AP23489513 «Сульфат пен фосфор қоспалары минималды мөлшерде болатын ванадий бесқышқылын алу технологиясын оңтайландыру», 2025

Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз,
көрсетілген нөмірге қоңырау шалыңыз