Пайдалы қазбалар қорларының кең тараған қазіргі күнгі ресурстық базаны кеңейтудің жаңа тәсілдерін іздеу өте маңызды және өзекті болып табылады. Жерасты кенін алуда руданың біршама қоры кентірек түрінде қалып қояды. Мысалы, Жезқазған кен орнындағы баланстық қор кентіректер түрінде және өтелген қорлардың үлесі бойынша, талдау көрсеткендей, шамамен 20-25% пайыздық қоры және басқа да түрлі кентіректердің есебінен олардың диаметрі 5-6 метрден 20-30 м дейін қалады. Бұл үлкен баланстық қор кен орнының бастапқы бекітілген пайдалы қазбаның төрттен бір бөлігін құрайды.
Д.А. Қонаев атындағы Кен істері институты «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны» филиалының ғалымдары көрсетілген мәселенің шешу жолын ұсынады. Әртүрлі кентіректі сапасыз мыс кендерінен металдарды қарқынды сілтілеудің тиімді әдісі әзірленеді. Ол тиімді концентрациясымен күкірт қышқылымен кенді төменгі температурада сульфатизациялаудан, одан кейін үзіліс жасап әлсіз ерітіндімен одан әрі жалғастырады. Кентіректерден гидрометаллургиялық әдістерін қолдана отырып, байыту фабрикасынсыз 0,2% пайыздық металдың өзін кентіректен сілтілеуге болатынына көз жеткізілді. Бұл жағдайда кентірек бұзылмайды, ондағы сығылып кеткен металдың орнына және көптеп пайда болған жарықшақтар арқылы кентірек денесіне жоғары қысымды сорғымен (25 МПа) қауіпсіздендіруді қамтамасыз ететін қатырғыш ерітіндісі айдалады.
Осылайша, бұл технологияны енгізу кәсіпорынның қызмет ету мерзімін бірнеше ондаған жылдарға ұзартуды қамтамасыз етеді.
Источник: gov.kz/memleket/entities/comprom
Басқа жаңалықтар
ИРН AP23485523 «Разработка технологии получения сподуменового концентрата и карбоната лития из руд пегматитовых литиевых месторождений»
ИРН AP23485697 «Инженерлік геофизикалық әдістер арқылы опырылғыш массивтердің тұрақтылығын бағалау әдістемесін әзірлеу»
ИРН AP23489340 «Разработка технологии комплексной переработки ванадийсодержащих кварцитов Каратау с получением ферросплавов»
ИРН AP23487029 «Басқарылатын колонна типтес аппараттарда мыс өндірісінің қорытпаларынан рений мен осмийді алу инновациялық технологиясын әзірлеу»
ИРН AP23489513 «Сульфат пен фосфор қоспалары минималды мөлшерде болатын ванадий бесқышқылын алу технологиясын оңтайландыру», 2025