Күріш алқабынан инженерлік ғажайыпқа дейін: ғалымдар күріш қауызын бірегей материалға айналдырды

01.05.2024

Ғалымдар күріш қауызынан бірегей кремний-көміртекті нанокомпозит жасады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұл әзірлеме ҚР ИИДМ Өнеркәсіп комитетіне қарасты «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК базасында жүзеге асырылды.

Күріш қауызы – әлем халқының үлкен бөлігі үшін негізгі азық болып табылатын күріш өндірудің қалдығы. Күріш массасының шамамен 20%-ын құрай отырып, күріш қауызы құрамында маңызды элементтер – көміртек пен кремний бар жаңартылатын шикізат болып саналады.

Бұл материалдың табиғи артықшылықтарын пайдалана отырып және сонымен қатар оның көп тонналық жиналуынан туындайтын зиянды салдарды жоюды мақсат ете отырып (күріш қауыздары кәдімгі өсімдік қалдықтары сияқты шірімейді), ғалымдар полифункционалды кремний-көміртекті нанокомпозит алу технологиясын әзірледі.

Кремний-көміртекті нанокомпозит резеңке-техникалық бұйымдар мен фрикциялық материалдарға толтырғыш ретінде, сондай-ақ кремний мен ферроқорытпалар өндіруге арналған шикізат ретінде қолданылады. Оны ауыл шаруашылығында да пайдалану мүмкін.

Кремний-көміртекті өнімді алудың технологиялық ерекшеліктері мен оны қолданудың шексіз мүмкіндіктері туралы ғалымдар өткен аптада Алматы қаласындағы AlmaU университетінде өткен Deep Tech Innoboost Қыс–2024 коммерцияландыру бағдарламасы жобалары көрмесіне қатысушылармен бөлісті. Бұл жұмыс үлкен қызығушылық тудырды, оны өз пікірінде «Ғылым қоры» АҚ Басқарма төрағасы Камиль Акатов та атап өтті.

Дереккөз: dknews.kz

Басқа жаңалықтар

Полиметалл кендерін кешенді өңдеу: жоғары сапа, тиімді әдіс

Полиметалл кендерін кешенді өңдеу: жоғары сапа, тиімді әдіс

Казахстанские ученые разработали эффективную технологию извлечения рения из сложных растворов

Казахстанские ученые разработали эффективную технологию извлечения рения из сложных растворов

Ученые Казахстана повысили извлечение рения до 90%

Ученые Казахстана повысили извлечение рения до 90%

Ғылым мен инженерияның тоғысуы: күрделі түйіннің оңтайлы шешімі

Ғылым мен инженерияның тоғысуы: күрделі түйіннің оңтайлы шешімі

Казахстанские ученые разработали новую технологию добычи золота

Казахстанские ученые разработали новую технологию добычи золота

Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз,
көрсетілген нөмірге қоңырау шалыңыз