"Жаратылыстану ғылымдары саласындағы инновациялар" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

05.04.2019

2019 ж. 4-5 сәуірде Алматы қаласында «Қазақстанның экспортқа бағдарланған индустриализациясының негізі ретінде жаратылыстану ғылымдарындағы инновациялар» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы, РГП «Қазақстан Республикасының минералды шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы».

Конференцияға Қазақстаннан, Ресейден, Қытайдан, Ираннан, Швейцариядан, Германиядан және БАӘ-нан шамамен 200 адам қатысты.

Конференция қазіргі кездегі жаратылыстану ғылымдары саласындағы зерттеулердің, минералды шикізатты кешенді өңдеудің, өңдеуші сектордағы инновациялық жетістіктердің, соның ішінде ҚазҰЖҒА мен РГП «НЦКПМС РК» жұмыстарының нәтижелерін талқылауға арналды. Бұл жұмыстар Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру: табыс пен өмір сапасын жоғарылату» Жолдауын іске асыруға және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындауға бағытталған. Конференцияны ашып, ұйымдастыру комитетінің тең төрағасы, РГП «НЦКПМС РК» бас директоры, академик Абдурасул Жарменов: «Бүгін біз екі жақты мерейтойды атап өтудеміз: Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының 10 жылдығы және Қазақстан Республикасының минералды шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі ұлттық орталығының 25 жылдығы», - деді.

Министр Роман Скляр атынан құттықтау сөзбен Комитет индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің орынбасары Канат Баитов шықты. Ол РГП «НЦКПМС РК» ғалымдары жасаған технологиялардың Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін арттыратынын атап өтті. Оларға мыналар жатады:

  • осмий концентратын өңдеу технологиясы арқылы ең таза осмий-187 изотопын алу, Қазақстанды тұрақты изотоптар өндірісінде үштік көшбасшы қатарынан орын алуға жеткізген;
  • КИВЦЭТ технологиясы – әлемде төмен сапалы қорғасын құрамды шикізаттан балқытылатын біріншілік қорғасынның оннан бір бөлігін өндіру;
  • Thyssen Krupp AG және POSCO компанияларымен бірлесіп жүзеге асырылатын «Қазақстандық» қорытпасын алу технологиясы, раскисление, модификация және болатты легирлеу үшін патенттелген;
  • алтынқұрамды шикізатты өңдеудің бірегей технологиялары, республикада әрбір үшінші тонна алтын алу.

Торжественное заседание ҚазҰЖҒА мен НЦКПМС РК-ның көрнекті ғалымдары мен мамандарын Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Білім және ғылым министрлігі және Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының марапаттауымен аяқталды.

Источник: Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті

Басқа жаңалықтар

Полиметалл кендерін кешенді өңдеу: жоғары сапа, тиімді әдіс

Полиметалл кендерін кешенді өңдеу: жоғары сапа, тиімді әдіс

Казахстанские ученые разработали эффективную технологию извлечения рения из сложных растворов

Казахстанские ученые разработали эффективную технологию извлечения рения из сложных растворов

Ученые Казахстана повысили извлечение рения до 90%

Ученые Казахстана повысили извлечение рения до 90%

Ғылым мен инженерияның тоғысуы: күрделі түйіннің оңтайлы шешімі

Ғылым мен инженерияның тоғысуы: күрделі түйіннің оңтайлы шешімі

Казахстанские ученые разработали новую технологию добычи золота

Казахстанские ученые разработали новую технологию добычи золота

Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз,
көрсетілген нөмірге қоңырау шалыңыз