АЛМАТЫ. 4 маусым. ҚазАқпарат – Алматыда ағымдағы жылдың 9–12 маусым аралығында XIII Дүниежүзілік ферроқорытпалар конгресі – "INFACON XIII" өтеді. Іс-шараның ұйымдастырушысы – ҚР Минералды шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі ұлттық орталық.
Бұл конгресс 1974 жылдан бері әлемнің түрлі елдерінде өткізіліп келеді және ферроқорытпа өнімдерін өндіруші және тұтынушы жетекші компаниялардың, сондай-ақ ғылыми орта өкілдерінің үздік мамандарын бір алаңға жинайды. Қазіргі уақытта қатысушылардың жалпы саны 35 елден 400 адамға дейін жетіп отыр.
Қазақстанды кезекті конгресс өткізу үшін халықаралық алаң ретінде таңдаудың басты себебі – ТМД аумағында алғаш рет ғалымдардың ферросиликоалюминийдің бірегей қорытпасын ("Қазақстан" қорытпасы) ойлап тауып, ұлттық орталықтың базасында оны өндіру технологиясын әзірлеуі болды. Оның өнеркәсіптік өндірісінің ресми іске қосылуы 13 маусымға жоспарланған. Іс-шараға ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуы күтілуде.
Конгресс пен "Қазақстан" қорытпасының өнеркәсіптік өндірісінің басталуына ерекше мән беріліп отыр. Әлемдегі ең ірі компаниялар – POSCO, ThyssenKrupp AG, Hanwa Co. Ltd, SMS Siemag (платина демеушісі) және басқа да жетекші ұйымдардың басшылары мен мамандары өздерінің қатысуын растады. Бұл компаниялар ұлттық орталықпен бірге әртүрлі елдерде ферросиликоалюминий өндірісін дамыту бойынша серіктестік орнатқан.
Дереккөз: www.inform.kz
Басқа жаңалықтар
ИРН AP23485523 «Разработка технологии получения сподуменового концентрата и карбоната лития из руд пегматитовых литиевых месторождений»
ИРН AP23485697 «Инженерлік геофизикалық әдістер арқылы опырылғыш массивтердің тұрақтылығын бағалау әдістемесін әзірлеу»
ИРН AP23489340 «Разработка технологии комплексной переработки ванадийсодержащих кварцитов Каратау с получением ферросплавов»
ИРН AP23487029 «Басқарылатын колонна типтес аппараттарда мыс өндірісінің қорытпаларынан рений мен осмийді алу инновациялық технологиясын әзірлеу»
ИРН AP23489513 «Сульфат пен фосфор қоспалары минималды мөлшерде болатын ванадий бесқышқылын алу технологиясын оңтайландыру», 2025