V Халықаралық ғылыми-практикалық «Әбішев оқулары - 2026» конференциясы

20.03.2026

2026 жылғы 20 наурызда «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК-да («ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК) көрнекті ғалым, академик Жанторе Нұрланұлы Әбішевтің туғанына 90 жыл толуына арналған V Халықаралық ғылыми-практикалық «Әбішев оқулары - 2026» конференциясы өтті. Академик Ж.Н. Әбішев - «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК-ның негізін қалаушы және минералдық шикізатты кешенді өңдеудің ғылыми негіздерін әзірлеушілердің бірі.

Конференция Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қолдауымен өтті және оған мемлекеттік органдардың, ғылыми қауымдастықтың, бизнес өкілдерінің, салалық қауымдастықтардың, жоғары оқу орындарының және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Пленарлық отырысты «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК Бас директоры Нұрғалиев А.Қ. ашты.

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің атынан құттықтау сөзді Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Әлібеков Олжас Әділұлы сөйлеп, тау-кен металлургия кешенінің тұрақты дамуы үшін ғылыми зерттеулерді дамыту мен инновациялық технологияларды енгізудің стратегиялық маңыздылығын атап өтті.

Пленарлық отырыс аясында алтын құрамды кендерді өңдеудің заманауи технологияларын дамыту тақырыбында «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК «Қазмеханобр» МӨЭҒӨБ филиалының асыл металдар зертханасының меңгерушісі, химия ғылымдарының кандидаты Болотова Людмила Сергеевна баяндама жасады. Баяндамада күрделі шикізатты өңдеу тиімділігін арттыруға және экологиялық жүктемені азайтуға бағытталған алтынды бөліп алудың заманауи тәсілдері ұсынылды.

Құттықтау сөзбен сондай-ақ «Металлургия және байыту институты» АҚ Бас директоры Кенжалиев Бағдаулет Кенжалиұлы сөз сөйлеп, ғылыми әлеуетті шоғырландырудың маңыздылығын атап өтті және тау-кен металлургия кешені саласындағы ғылыми ұйымдардың тығыз ынтымақтастығын дамытуға шақырды.

Қазақстан Республикасының Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығының атқарушы директоры Радостовец Николай Владимирович өз сөзінде ғылыми қауымдастыққа ғылым мен өндірістің интеграциясын күшейтіп, өзара іс-қимылды жаңа деңгейге көтеру жөнінде ұсыныс білдірді.

Қазақстан-Гонконг тікелей инвестициялар қорының Бас директоры Доминик Лау мырза құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасының ғылыми ұйымдарымен ынтымақтастықты кеңейтуге және перспективалы технологиялық жобаларды қолдауға қызығушылық білдірді.

Конференцияның ұйымдастыру комитетінің атына мемлекеттік органдардан, ғылыми ұйымдардан, өндірістік кәсіпорындардан және халықаралық серіктестерден көптеген құттықтау хаттар келіп түсті. Бұл конференцияның жоғары мәртебесін және оның саланың дамуы үшін маңыздылығын айқындайды. Аталған құттықтау хаттарды конференцияның жауапты хатшысы Капсаламова Ф.Р. оқып берді. Құттықтау жолдаулардың авторлары қатарында: Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қошербаев Ермек Беделбайұлы; Қазақстан Республикасының Көлік министрі Сауранбаев Нұрлан Ермекұлы; мемлекет қайраткері Сосковец Олег Николаевич; «Механобр Инжиниринг» ЖАҚ ғылыми жұмыс жөніндегі директоры (Санкт-Петербург қ., РФ) Максимов Исаак Исорович; ақын, Қазақстан Республикасының халық жазушысы Сүлейменов Олжас Омарұлы; Қазақстанның Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы; Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Рау Альберт Павлович; Қазақстан инвесторлары қауымдастығының төрағасы Ақшұлаков Болат Оралұлы; «Тау-Кен Қазақстан» қауымдастығы басқармасының төрағасы Даутов Айбар Леонидович; «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ Басқарма төрайымы – ректоры Сагинтаева Сауле Саветовна; «Qarmet» АҚ Бас директоры Басин Вадим Борисович; «Фитохимия» ҒӨО АҚ Басқарма төрағасы Әдекенов Серғазы Мыңжасарұлы; академик Журинов Мұрат Журинович; «Қазақстанның ядролық қоғамы» қауымдастығының президенті Школьник Владимир Сергеевич; «Металдар және материалдар» ҒӨО ЖШС президенті, академик Қожахметов Сұлтанбек Мырзахметұлы; академик Бектұрғанов Нұралы Сұлтанұлы; «Он-Олжа» ЖШС Бас директоры Набиев Марат Аскенұлы; ҚР ҒЖБМ ҒК Экономика институтының Бас директоры Садыков Еркін Тоқмұхамедұлы.

Құттықтау хаттарда тау-кен металлургия кешенінің Қазақстан экономикасындағы негізгі рөлі, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту, цифрландыру және озық технологияларды енгізудің маңыздылығы, сондай-ақ академик Ж.Н. Әбішевтің салалық ғылымның қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі атап өтілді.

Конференция аясында үш тақырыптық секция жұмыс істеді, онда металлургиядағы инновациялық технологиялар, материалтану және жаңа функционалдық материалдарды әзірлеу, цифрландыру, жасанды интеллект және тау-кен металлургия кешенінің тұрақты дамуы мәселелері қарастырылды. Барлығы 100-ден астам ғылыми баяндама ауызша, онлайн және сырттай форматтарда ұсынылды. Конференция жұмысының маңызды бағыттарының бірі өндірістік сектор, жер қойнауын пайдаланушылар және ғылыми ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды дамыту болды. Ульба металлургиялық зауыты мен Қазақстан Республикасының Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығының қатысуымен кездесулер өткізіліп, ғылым мен өндіріс кооперациясын нығайтуға, қолданбалы зерттеулерді дамытуға және ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізуге бағытталды.

Конференция қорытындысы бойынша минералдық шикізатты кешенді өңдеу технологияларын дамыту, инновациялық және экологиялық шешімдерді енгізу, ғылым, білім және өндіріс арасындағы кооперацияны күшейту, сондай-ақ тау-кен металлургия кешені үшін білікті кадрлар даярлау мәселелерін қамтитын резолюция қабылданды.

Конференция Қазақстан Республикасының жоғары ғылыми әлеуетін және саланың технологиялық дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекет, ғылым және бизнес күштерін біріктірудің өзектілігін тағы бір мәрте көрсетті.

Басқа жаңалықтар

ИРН AP23485523 «Пегматиттік литий кендерінен сподумен концентратын және литий карбонатын алу технологиясын әзірлеу»

ИРН AP23485523 «Разработка технологии получения сподуменового концентрата и карбоната лития из руд пегматитовых литиевых месторождений»

ИРН AP23485697 «Инженерлік геофизикалық әдістер арқылы опырылғыш массивтердің тұрақтылығын бағалау әдістемесін әзірлеу»

ИРН AP23485697 «Инженерлік геофизикалық әдістер арқылы опырылғыш массивтердің тұрақтылығын бағалау әдістемесін әзірлеу»

ИРН AP23489340 «Қаратау ванадийлі кварциттерін кешенді өңдеудің ферросплав алу технологиясын әзірлеу»

ИРН AP23489340 «Разработка технологии комплексной переработки ванадийсодержащих кварцитов Каратау с получением ферросплавов»

ИРН AP23487029 «Басқарылатын колонна типтес аппараттарда мыс өндірісінің қорытпаларынан рений мен осмийді алу инновациялық технологиясын әзірлеу»

ИРН AP23487029 «Басқарылатын колонна типтес аппараттарда мыс өндірісінің қорытпаларынан рений мен осмийді алу инновациялық технологиясын әзірлеу»

ИРН AP23489513 «Сульфат пен фосфор қоспалары минималды мөлшерде болатын ванадий бесқышқылын алу технологиясын оңтайландыру», 2025

ИРН AP23489513 «Сульфат пен фосфор қоспалары минималды мөлшерде болатын ванадий бесқышқылын алу технологиясын оңтайландыру», 2025

Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз,
көрсетілген нөмірге қоңырау шалыңыз