Павлодарда бірегей қорытпа өндірісі іске қосылды

18.06.2013

Павлодарда бірегей қорытпаны шығару өндірісі іске қосылды. Сарапшылардың айтуынша, бұл инновациялық материал ғасырына бір рет қана пайда болатын ерекше өнім болып саналады.

Әңгіме ферросиликоалюминий туралы болып отыр. Оның әзірленуіне шамамен 30 жыл уақыт жұмсалған. Жаңа қорытпаны өндіру бірден шетелдік инвесторлардың қызығушылығын тудырды.

Ферросиликоалюминий – республиканың жетекші ғалымдарының 30 жылдық еңбегінің нәтижесі. Павлодарда осы қорытпаны өндіруге арналған пештің салтанатты іске қосылу рәсімі өтті. Іске қосылып отырған өндіріс бірегей болып табылады және қара металлургия өнімдерінің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Ерлан АРЫН, Павлодар облысының әкімі:

- Қазақстан өз технологияларын шығарып, оларды енгізе бастайды. Бұл Павлодарда жүзеге асқанына өте қуаныштымын. Бүгін 9 Мегаватттық алғашқы пеш іске қосылды. Жыл соңына дейін тағы екі пешті 24 Мегаватттық қуатпен іске қосамыз. Жалпы – жылына 30 мың тонна ферросиликоалюминий өндірілетін болады.

Ферросиликоалюминийді өндіру үшін тек көмір қалдықтары қажет, ал Павлодар аймағында олардың мол мөлшері бар. Жаңа қорытпаның авторларының бірі – академик Абдурасул Жарменов. Ол әзірлеменің бірегей қасиеттерін түсіндірді.

Абдурасул ЖАРМЕНОВ, ҚР Минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу ұлттық орталығының директоры:

- Бүгінгі таңда жаңа материалдар көп дүниеге келмейді. Егер жаңа материалдар пайда болса, олар бірегей болып, 100 тонна, 1000 тонна, кейде 50 мың тонна көлемінде ғана қажет болады. Ал бұл қорытпа пайда болып, оған сұраныс бірнеше миллион тоннадан асады. Біздің әріптестеріміздің бағалауынша, мұндай материал ғасырына бір рет қана пайда болады.

Ферросиликоалюминий өндірісіне арналған пештің іске қосылу рәсіміне Оңтүстік Корея өкілдері, сондай-ақ Германия мен Швейцария мамандары, ірі шетелдік ғылыми орталықтардың жетекшілері қатысты. Кейін Қазақстан мен Оңтүстік Корея тараптары арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Дереккөзі: www.rus.24.kz

Басқа жаңалықтар

Полиметалл кендерін кешенді өңдеу: жоғары сапа, тиімді әдіс

Полиметалл кендерін кешенді өңдеу: жоғары сапа, тиімді әдіс

Казахстанские ученые разработали эффективную технологию извлечения рения из сложных растворов

Казахстанские ученые разработали эффективную технологию извлечения рения из сложных растворов

Ученые Казахстана повысили извлечение рения до 90%

Ученые Казахстана повысили извлечение рения до 90%

Ғылым мен инженерияның тоғысуы: күрделі түйіннің оңтайлы шешімі

Ғылым мен инженерияның тоғысуы: күрделі түйіннің оңтайлы шешімі

Казахстанские ученые разработали новую технологию добычи золота

Казахстанские ученые разработали новую технологию добычи золота

Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз,
көрсетілген нөмірге қоңырау шалыңыз