Шығыс Қазақстанда Металлургия орталығының тәжірибелік-эксперименттік кешені жұмысын бастайды

04.05.2012

Шығыс Қазақстан облысында (ШҚО) "Шығыс Қазақстан облысындағы металлургия орталығы" тәжірибелік-эксперименттік кешені (ЭҮК) пайдалануға беріледі, оның Қазақстанда баламасы жоқ, деп хабарлады ҚазТАГ.

«Металлургия орталығында біз минералды шикізатты байытудың, ұсақтау-сұрыптау процестерінің, сусымалы материалдарды қалыптастырудың және ұнтақты металлургияның жаңа технологияларының технологиялық регламенттерін әзірлеу үшін аз тоннажды сынақтар жүргізетін боламыз», — деді ҚазТАГ тілшісіне ЭҮК директорының орынбасары Айдархан Қалдасов жұма күні.

Оның айтуынша, қайта өңдеу процесінде жылу электр орталықтарының және металлургия кәсіпорындарының қалдықтары пайдаланылады, сондай-ақ отқа төзімді материалдар, кокс, күлден жасалған кірпіш және басқа да өнімдерді өндіру технологиялары пысықталады.

Металлургия орталығының жұмысы үшін, атап айтқанда, көмірді және құрамында көмірі бар материалдарды өңдеу технологиясын әзірлеу бойынша учаске қызметі үшін Германиядан LAEIS-1600 гидравликалық пресс сатып алынды. Өнімдердің алғашқы тәжірибелік партиясын мамыр айында шығару жоспарлануда.

Орталықтың екінші учаскесі сусымалы материалдар мен ұнтақты металлургияны қалыптастыру технологиясын пысықтауға арналған.

ЭҮК-тің негізгі мақсаты — «Қазақстан және басқа елдердің ғалымдары әзірлеген технологияларды пысықтау бойынша зерттеулер мен эксперименттер жүргізу үшін тәжірибелік-эксперименттік база құру». Сондай-ақ тау-кен металлургиялық, энергетикалық және инжинирингтік компаниялармен, жер қойнауын пайдаланушылармен, Қазақстан мен басқа мемлекеттердің ғылыми-зерттеу институттарымен ынтымақтастық орнату көзделген.

Орталық Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің және «ҚР Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қолдауымен құрылды.

ЭҮК ғимараты Өскемен қаласының Солтүстік өнеркәсіптік аймағында, бұрынғы қазандық ғимаратында орналасқан. Биыл басталған қайта құру жұмыстары 2013 жылы аяқталады.

Дереккөз: www.zakon.kz

Басқа жаңалықтар

Полиметалл кендерін кешенді өңдеу: жоғары сапа, тиімді әдіс

Полиметалл кендерін кешенді өңдеу: жоғары сапа, тиімді әдіс

Казахстанские ученые разработали эффективную технологию извлечения рения из сложных растворов

Казахстанские ученые разработали эффективную технологию извлечения рения из сложных растворов

Ученые Казахстана повысили извлечение рения до 90%

Ученые Казахстана повысили извлечение рения до 90%

Ғылым мен инженерияның тоғысуы: күрделі түйіннің оңтайлы шешімі

Ғылым мен инженерияның тоғысуы: күрделі түйіннің оңтайлы шешімі

Казахстанские ученые разработали новую технологию добычи золота

Казахстанские ученые разработали новую технологию добычи золота

Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз,
көрсетілген нөмірге қоңырау шалыңыз