"ҚР Минералдық шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі Ұлттық орталығы» РМК бас директорының бірінші орынбасары Досмұрат Айтқұловтың қызметтік іссапары аясында «Таукен-Самұрық» Ұлттық тау-кен компаниясының еншілес ұйымы болып табылатын, Қазақстан Республикасындағы және әлемдегі ірі мырыш кен орындарының бірі – Шалқияны игеру жұмыстарын жүзеге асырып жатқан «ШАЛКИЯЦинк Ltd» АҚ-на жұмыс сапары жүзеге асырылды.
Кәсіпорынның бас директоры Асқар Сағатұлы Тлеулиннің төрағалығымен оның орынбасарларының қатысуымен кеңейтілген жұмыс кездесуі өткізілді.
Кездесу барысында Шалқия кен орнын игеру бойынша бүгінгі күнге дейінгі ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері жан-жақты қарастырылып, алдағы кезеңге жоспарланған іс-шаралар мен ұсыныстар талқыланды.
Сонымен қатар, ұсынылған ғылыми-инновациялық жоба нәтижелері кәсіпорын басшылығы тарапынан жоғары бағаланып, оны өндірістік процеске енгізу бойынша бірлескен іс-қимылдарды ұйымдастырудың алдын ала бағыттары айқындалды.
Басқа жаңалықтар
Полиметалл кендерін кешенді өңдеу: жоғары сапа, тиімді әдіс
Казахстанские ученые разработали эффективную технологию извлечения рения из сложных растворов
Ученые Казахстана повысили извлечение рения до 90%
Ғылым мен инженерияның тоғысуы: күрделі түйіннің оңтайлы шешімі
Казахстанские ученые разработали новую технологию добычи золота