Zavodtrudoao "Машзавод Труд" -"Плаксин оқуларының-2014"қатысушысы

01.09.2014

Ресей Ғылым академиясының пайдалы қазбаларды зейінді байыту мәселелері жөніндегі Ғылыми кеңесі, Ресей Ғылым академиясының Кен қазбаларын кешенді игеру мәселелері институты, «Парасат» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі, «Жер, металлургия және байыту ғылымы орталығы» АҚ (Қазақстан Республикасы) Ресей Ғылым академиясының, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан Ұлттық табиғи ғылымдар академиясының қолдауымен 2014 жылғы 16-19 қыркүйекте Алматы қаласында (Қазақстан Республикасы) Халықаралық кеңес өткізді. Кеңес Қазақстан Ұлттық табиғи ғылымдар академиясының 5 жылдығына арналған «Табиғи және техногендік минералды шикізатты прогрессивті байыту әдістері және кешенді қайта өңдеу» (Плаксин оқулары – 2014) тақырыбында өтті.

Халықаралық «Плаксин оқулары» кеңесі 1977 жылдан бастап әр күзде академик Игорь Николаевич Плаксиннің (1900–1967) құрметіне өткізіледі. Ол – пайдалы қазбаларды байыту және сирек, түсті және асыл металдарды гидрометаллургиялау саласында Кеңес ғылыми мектебін құрған тұлға.

Кеңес жұмысына Ресей, Қазақстан, Канада, Украина, Беларусь, Моңғолиядан 200-ден астам ғалым қатысты. Барлық баяндамалар 5 секцияға бөлінді:

  1. Технологиялық минералогия. Дезинтеграция және руда даярлау.
  2. Флотация, гравитация, магниттік және электромагниттік сепарация.
  3. Минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу.
  4. Техногендік шикізатты қайта өңдеу. Экономикалық аспектілері.
  5. Стендтік баяндамалар.

«Труд» машина жасау зауыты атынан басты байытушы Никонов А.М., ЗАО «ТИГОМ»-нан инженер-зерттеуші Кожевников А.В. қатысты.

Конференция аясында қатысушылар Қазақстан Республикасының Минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу Ұлттық орталығын аралап көрді, онда жартылай өндірістік лабораториялық қондырғы таныстырылды. Лаборатория бірнеше бөлімшеден тұрады: ұсақтау бөлімшесі, флотация бөлімшесі, сорбция және қышқылды еріту бөлімшесі, гравитациялық бөлімше.

Кеңес қорытындысы бойынша баяндамалар жинағы шығарылды.

Дереккөз: www.zavodtrud.ru

Басқа жаңалықтар

Полиметалл кендерін кешенді өңдеу: жоғары сапа, тиімді әдіс

Полиметалл кендерін кешенді өңдеу: жоғары сапа, тиімді әдіс

Казахстанские ученые разработали эффективную технологию извлечения рения из сложных растворов

Казахстанские ученые разработали эффективную технологию извлечения рения из сложных растворов

Ученые Казахстана повысили извлечение рения до 90%

Ученые Казахстана повысили извлечение рения до 90%

Ғылым мен инженерияның тоғысуы: күрделі түйіннің оңтайлы шешімі

Ғылым мен инженерияның тоғысуы: күрделі түйіннің оңтайлы шешімі

Казахстанские ученые разработали новую технологию добычи золота

Казахстанские ученые разработали новую технологию добычи золота

Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз,
көрсетілген нөмірге қоңырау шалыңыз