ҒЫЛЫМИ ФОРУМ- ЖЕЗҚАЗҒАНДА

12.06.2026

2026 жылғы 11 маусымда Бас директордың бірінші орынбасары Досмұрат Айтқұлов Ұлытау облысының Жезқазған қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Президиумының «Қуатты өңірлік ғылым-қуатты өңір» тақырыбындағы көшпелі отырысына қатысты. Отырыс барысында ол «Ұлытау облысының тау-кен металлургия кешенінің дамуын ғылыми-техникалық қамтамасыз ету» тақырыбына баяндама жасады, Минералдық шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы ғалымдарының ғылыми жобалары бойынша қол жеткізген маңызды жетістіктерін таныстырды. Сонымен қатар өңірдің тау-кен металлургия кешенін дамытуға қатысты өзекті мәселелерге тоқталып, оларды шешуге бағытталған ұсыныстарды ортаға салды.

Көшпелі отырысқа ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев, Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Қарипбаев, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев (онлайн), ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дубирова, «Қазақмыс» корпорациясы Басқарма төрағасының орынбасары Ғалым Нұржанов, Ұлттық ғылым академиясының академиктері, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының жетекшілері, өңірдің ірі өнеркәсіп және бизнес өкілдері, жетекші ғалымдары, сондай-ақ Қытай елінің ғылыми зерттеу орталықтары басшыларымен ғалымдары қатысты.

Ұлттық орталық ғалымдары әзірлеген ғылыми-технологиялық шешімдер мен ғылыми әзірлемелердің нәтижелері қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Әсіресе, тау-кен металлургия кешенінің өзекті мәселелерін шешуге бағытталған ұсыныстарымызға «Қазақмыс» корпорациясының мамандары, сондай-ақ шетелдік және отандық ғалымдар ерекше назар аударды. Кездесу барысында ғылыми нәтижелермен алмасу, бірлескен зерттеулер жүргізу және ортақ жобаларды жүзеге асыру жөнінде алдын ала ұсыныстар айтылды.

Сапар аясында Д. Айтқұлов Жезқазған қаласындағы «Kazakhmys Barlau» ЖШС Геологиялық кластерінің қызметімен танысы, оның базасында ашылған ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының Өңірлік форсайт-орталығының ашылу рәсіміне қатысты.

Іс-шараға қатысу ғылым мен өндірістің өзара іс-қимылын нығайту, өңірлік ғылыми әлеуетті дамыту және өнеркәсіпке инновациялық шешімдерді енгізу, елдің орнықты дамуының, технологиялық жаңғыртудың және бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастырудың маңызды шарттары болып табылатынын тағы да растады.

Басқа жаңалықтар

ҒЫЛЫМИ ФОРУМ- ЖЕЗҚАЗҒАНДА

ҒЫЛЫМИ ФОРУМ- ЖЕЗҚАЗҒАНДА

Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы ғалымдары мен «Қостанай минералдары» АҚ мамандарының авторлық ұжымдары академик Е. Бөкетов атындағы сыйлыққа ие болды

Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы ғалымдары мен «Қостанай минералдары» АҚ мамандарының авторлық ұжымдары академик Е. Бөкетов атындағы сыйлыққа ие болды

ВНИИцветмет байытушылар форумында: ғылыми зерттеулерден өнеркәсіптік енгізуге дейін

ВНИИцветмет байытушылар форумында: ғылыми зерттеулерден өнеркәсіптік енгізуге дейін

Полиметалл кендерін кешенді өңдеу: жоғары сапа, тиімді әдіс

Полиметалл кендерін кешенді өңдеу: жоғары сапа, тиімді әдіс

Казахстанские ученые разработали эффективную технологию извлечения рения из сложных растворов

Казахстанские ученые разработали эффективную технологию извлечения рения из сложных растворов

Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз,
көрсетілген нөмірге қоңырау шалыңыз